Қармақшы ауданы ПӘК кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен №29 мектеп оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушыларға АИТВ инфекциясы, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және жеке қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы және АИТВ инфекциясы туралы дұрыс ақпараттануының маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
