1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Досбол би ауылындағы №155 мектепте оқушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі аудандық филиалының мамандары Б.Парманқұлов, Б.Үбенова және Д.Баймұрзаева қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, оның жұғу жолдары туралы ақпарат беру, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру. Кездесу барысында мамандар АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, жұғу жолдары және одан қорғану тәсілдері туралы кеңінен түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар қатысушыларға тақырыптық ақпараттық парақшалар таратылды. Осындай ақпараттық кездесулер жасөспірімдердің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастырып, АИТВ инфекциясы туралы сауаттылығын арттыруға бағытталған.
