Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

2026 жылдың 14-ші мамырында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында қалалық емдеу мекемелері мен БМСК ұйымдарының бас мейіргерлері арасында «Биоматериалдарды алу, сақтау және тасымалдау барысындағы биоқауіпсіздік ережелері мен талаптары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында облыстық орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева ҚР-ғы, облысымыздағы АИТВ инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары тақырыбында толық мағұлмат берді. Сонымен қатар, 2025 жылы, 2026 жылдың 4 айында АИТВ орталығына жеткізілген қан үлгілерінің сәйкессіздік критериялары, (бракераж), АИТВ инфекциясына биосынама алу барысында орын алған кемшіліктерге және алдағы уақытта осы кемшіліктердің алдын алу шараларына тоқталды. Семинар аясында орталықтың дәрігер-эпидемиологы Г.Жолманова зертханалық зерттеу жұмыстарының преаналитикалық, аналитикалық сатылары, әр сатыларда жүргізілетін дайындық жұмыстары, қан қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша мәліметтер берді. Семинар аяғында медициналық қызметкерлеріне жедел тест қою ережелері мен талаптары бойынша практикалық сабақ көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Облыстық орталықтың эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балыкбаева