Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясында тұрғындар арасында АШЫҚ ЕСІК күні өткізілді. Іс - шараның басты мақсаты тұрғындар арасында АИТВ мен ЖЖБА - ның алдын алуда ақпараттық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мамандар тарапынан ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыптық парақшалар таратылды.
