Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы Н.Смағұлова №178 орта мектепте оқушылар арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, стигма, дискриминацияның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға 60 оқушы қатыстырылып, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
