АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу шаралары
«АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу шаралары» тақырыбында мұғалімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты білім саласы қызметкерлері арқылы жастар мен жасөспірімдер арасында мінез-құлық стереотипін қалыптастыру, және мұғалімдер арасында АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеу, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады.
