Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

АИТВ - адамның имун тапшылық вирусы, қан арқылы және жыныстық жолмен берілетін вирус. Вирус АИТВ жұқтырған жүкті анадан баласына да беріледі.

Адам қалай АИТВ жұқтырады?

- Қан арқылы –қан құйғанда, көк тамырға наркотикалық дәрілерді енгізгенде, бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда.

-Жыныстық жолмен- қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы

-Анадан балаға берілу-босану кезінде, емізіу кезінде жұқтырады. Егер анасы АРТ препараттарын үзбей қабылдайтын болса онда 98% дені сау бала өмірге әкеледі.

АИТВ қандай жолмен жұқпайды?

-құшақтасқанда, сүйіскенде, амандасқанада

-тұрмыстық тұтыну заттары арқылы

-жәндіктер шаққанда

-суға түскенде, шомылғанда

АИТВ-ға не үшін тексерілу қажет?

Көп адамдар өздерінің вирус жұқтырғанын білмейді, себебі вирус адам ағзасында ешқандай белгі бермей ұзақ уақыт жүре береді. Сондықтан өзіңе сенімді болу үшін тестілеуден өткен дұрыс.

Егер АИТВ тексеру кезінде оң нәтиже болса?

Егер тексеру нәтижесі оң нәтиже берсе онда ағзада вирус болғаны, мүмкіндігінше вирусқа қарсы емді бірден бастаған дұрыс. Неғұрлым ем ерте басталса соғұрлым иммунды жетіспеушілікпен күреседі. Әрімен қарай басқа адамдарға (жыныстық серіктесіне) жұқтырмас үшін алдын алу шаралар туралы білген жөн. АИТВ соңғы үкім емес, ағзадағы вирустың мөлшерін төмендететін вирусқа қарсы дәрілерді үздіксіз қабылдаудың арқасында адам ұзақ өмір сүреді, отбасылы да болады, өмірге дені сау ұрпақ әкеледі, жоспарларын іске асырады. Ал егер АИТВ жұқтырған емін дұрыс қабылдамаса онда ағзада түрлі арулар бас көтеріп, асқыну жағдайлары байқалып ЖИТС-ке ұласады.

Егер тексеру нәтижесі теріс болса, онда ағзада вирус жоқ, қорқынышсыз өмір сүруге болады және жұқтырмас үшін қандай сақтық шаралары бар екенін білесіз.

АИТВ-ның алдын алу шаралары:

- Зиянды әдеттерден аулақ болу, әсіресе нашақорлықтан

- Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, жыныстық қатынас кезінде мүше қап қолдану

- Жыныстық жолмен берілетін ауруларға және АИТВ-ға тексерілу.

- Салауатты өмір сүру.

Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты, өздеріңізді және жақындарыңызды АИТВ-дан сақтаңыздар! Дені сау ұрпақ жарқын болашақтың кепілі.

Жалағаш ПСК кабинетінің дәрігері А.Бекниязова