Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназиясының жасөспірімдері арасында ақпараттық-танымдық пікір алмасу шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы көрініс қойып, би билеп, тақырыптың маңызын шығармашылық тұрғыда жеткізді. Сонымен қатар, АИТВ мәселесіне жауапты маманға өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Кездесу барысында Қызыл лентаның шығу тарихы, 1 желтоқсан күнінің маңызы, АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Шара соңында белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, оқушыларға денсаулықты қорғау, жауапкершілік пен өзара құрметтің маңыздылығы түсіндірілді.

АИТВ туралы дұрыс ақпараттану – өз денсаулығыңды қорғаудың маңызды қадамы!