Халықтың АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру, АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтуге бейімділігін арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған
«ЖИТС-ты жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» ұранымен ақпараттық-алдын алу науқаны басталды.
Науқанның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу шараларын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру және АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.
Науқан барысында тұрғындар мен жастар арасында ақпараттық кездесулер, түсіндіру жұмыстары, профилактикалық іс-шаралар және АИТВ-ға ерікті тестілеу мен кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылады.
АИТВ туралы дұрыс ақпарат – өз денсаулығыңды қорғаудың маңызды қадамы.
Өз мәртебеңізді біліңіз.
Тестілеуден өтіңіз.
Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
#АИТВ #ЖИТС #1желтоқсан #ДүниежүзілікЖИТСкеҚарсыКүресКүні #ӨзМәртебеңдіБіл #АИТВныңАлдынАлу #Денсаулық

