Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Утегенова, Жаңақорға ПӘК кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен Орталықтың жылдық жоспарына және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «БМСК ұйымдарындағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасындағы семинар және аттестация өткізу туралы» 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 42 бұйрығы,30.01.2026 ж №43 бұйрығына сай жол картасының 5.1 пункті «АИТВ - ның, мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы», 5.2 пункті «АИТВ - мен біріктірілген ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды басқару мәселелері», 6.3 пункті «АИТВ мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топ өкілдерінің стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» тақырыбында Жаңақорған аудандық ауруханасында оқыту бағдарламасын жүргізді. Барлығы 202 медицина қызметкерлері оқумен қамтылды, оның ішінде 50 дәрігер және 152 орта буын қызметкерлері болды. Семинар барысында АИТВ инфекциясының әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, АИТВ - ның алдын алуда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, анадан балаға берілудің алдын алу, АИТВ - мен біріктірілген ауруларды диагностикалау және емдеу үшін АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды бақылау, АИТВ мен өмір сүрушілерге, халықтың негізгі топ өкілдеріне байланысты стигма және дискриминацияның алдын алу туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар АИТВ - ны кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп кері байланыс жасалды.
