Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының жоспары негізінде «КНК Кемикал» ЖШС-да жұмысшылармен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты тұрғындар арасында АИТВ инфекциясы мен ЖЖБА-дың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында филиал маманы У.Райым АИТВ мен ЖЖБА тақырыбында толық ақпарат беріп, тақырыптық парақшалар таратылды.
