Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық емхананың жастар денсаулық кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен №156 мектеп оқушыларының арасында кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық емхананың дәрігер- венерологы Ш.Көрегенұлы, уролог дәрігер С.Жұманқұловтар қатысып, ЖЖБА тақырыбында оқушыларға толық ақпарат берілді. Жастар денсаулық кабинетінің маманы Ұ.Нұрымбетова мен облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұловтар АИТВ-ның алдын алу шаралары мен жауапты мінез құлық тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
