Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

23 қараша күні 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Сырдария аудандық аграрлық-техникалық колледжінде 1-курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында облыс көлеміндегі АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат беріліп, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және сақтану жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар студенттердің білімін арттыру мақсатында «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылып, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттандыру.

Қатысушылар саны: 25 студент.

АИТВ туралы білу – өз денсаулығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!

#АИТВ #ЖИТСкеҚарсыКүрес #1Желтоқсан #АИТВныңАлдынАлу #Денсаулық #СалауаттыӨмірСалты