Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Н.Бекежанов ауылдық дәрігерлік амбулаториясына әдістемелік-практикалық көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында филиал дәрігер инфекционисті Б.Үбенова медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының қазіргі індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары және медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жолмен жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруге және АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге бағытталған.
