Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында №43 Ж. Махамбетов атындағы орта мектепте Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардың АИТВ/ЖИТС туралы білімін кеңейту, инфекцияның алдын алу шаралары жөнінде қажетті ақпарат беру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, ЖЖБА-дан сақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен танысты. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.
Денсаулық – әр адамның өз қолында!
