Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылдың 14-ші мамырындағы №210 бұйрығы бойынша Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында облыстық емдеу мекемелері мен БМСК ұйымдарының госпитальді эпидемиологтары арасында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева АИТВ инфекциясының Республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ инфекциясының тұрғындар арасында, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестері, реципиенттер мен донорлар, 0-14 жастар арасындағы балалар арасында АИТВ инфекциясының тіркелуі, апаттық жағдайлар орын алғанда және медициналық қызметкерлер арасында байланыстан кейінгі жүргізілетін іс-шаралар туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар, ҚР ДСМ №211/2020 бұйрығы бойынша клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетін контингенттер, ҚР ДСМ-6 бұйрығы бойынша жедел тест әдісімен тексерілетіндер, стигма, дискриминацияның алдын алу, болдырмау бойынша да айтылды.
АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы, жедел тест қою техникасы, қан алу және тасымалдау талаптары бойынша орталықтың ИФТ зертханасының дәрігер-лаборанты Р.Мүйденова баяндап, практикалық сабақ өткізді.

Орталықтың емдік-көмек бөлімінің дәрігер-инфекционисті А.Балмаханова АИТВ инфекциясының емі, сатылары, ҚР ДСМ-нің медициналық қызмет сапасы бойынша біріккен комиссиясымен мақұлданған 17.03.2023ж №180 «Ересектердегі АИТВ-инфекциясына диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамасы» бойынша толық мәлімет берді. Сонымен қатар, тұрғындарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру ерекшеліктері бойынша Орталықтың психолог маманы М.Сайекеева семинарға қатысушыларды ақпараттандырды.
Семинар аяғында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық білім- беру материалдары таратылды.