Қалалық №1 емханада АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында медицина қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараны емдік көмек бөлімінің дәрігері А.Т. Исмаилова жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы мен таралу ерекшеліктері, медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жолмен жұқтырудың алдын алу шаралары және байланыстан кейінгі профилактика мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясына байланысты кемсітушілік пен стигманың алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан сақтану, жедел тестілеу әдісін жүргізу тәртібі мен ережелері, сондай-ақ жедел тест арқылы тексерілетін контингенттер туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша білімін жетілдіру, кәсіби қауіпсіздік талаптарын сақтау және халық арасында профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру.
