Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

2026 жылғы 27 қазанда Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем» стансасының бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.

Іс-шараға орталықтың эпидемиология бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Н.Е. Жанғабылов және емдік көмек бөлімінің дәрігері А.Т. Исмаилова қатысты.

Әдістемелік көмек барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау, аурудың таралу жолдары мен қорғану шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге және АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруға бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.

Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің ақпараттануын арттыруға, инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді.