2026 жылғы 27 қазанда Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиология бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Н.Е.Жанғабылов пен емдік-көмек бөлімінің дәрігері А.Т.Исмаилова жылдық жоспарға сәйкес Тері-венерологиялық диспансеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды бағалау, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының орындалуын зерделеу және медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал ету.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттары, соның ішінде міндетті құпия медициналық тексеруден өткізу қағидалары, медициналық есептілік құжаттарын жүргізу тәртібі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастыру, медициналық құжаттамаларды жүргізу және тиісті нормативтік талаптардың сақталуы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шаралар медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
