Қармақшы аудандық ауруханасында тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясы, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және инфекцияның таралуына жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
АИТВ туралы дұрыс ақпараттану – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!
