Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

2026 жылдың 25-ші ақпанында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен облыстық білім басқармасына қарасты арнайы орта колледждердің тәрбие жұмысына жауапты мамандардың арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушыларға АИТВ инфекциясы бойынша дүниежүзіндегі, республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ/ЖЖБИ жұғу жолдары, клиникасы, емі, зертханалық диагностикасы, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша мағұлмат берілді.

Сонымен қатар,семинар барысында жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-ның алдын алу шараларын насихаттау, жасөспiрiмдер мен жастардың бойында АИТВ мен ЖЖБИ жұқтыруға кедергi келтiретiн мiнез-құлық стереотипiн қалыптастыруда  білім саласы қызметкерлерінің атқаратын ролі зор екенін және осы бағытта АИТВ орталығының мамандарымен бірлесе түсіндірме жұмыстарын  жүргізу қажеттігі айтылды.

Семинар аясында қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи капиллярлық және сілекейлік жедел-тестілер туралы және оларды қою ережелері бойынша практикалық сабақ көрсетіліп, қатысушылар арасында ақпараттық- білім беру материалдары таратылып, соңында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Балыкбаева С-эпидемиологиялық қадағалау 
бөлімінің меңгерушісі