Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК

Мекен жай: З.Шүкіров көшесі 52 А

Сенім телефоны: 23-41-50

Байланыс телефоны: 23-94-54

Кіру немесе тіркелу

Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы" КМҚК
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай облыс орталығындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің білім алушылары арасында «ЖИТС-ты жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» тақырыбында ақпараттық-танымдық пікір алмасу кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ инфекциясы туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, инфекциядан сақтану шараларын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттау.

Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Дұрыс па? Бұрыс па?» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін сынады.

Осындай ақпараттық кездесулер жасөспірімдердің АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі білімін арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

#АИТВданҚорған #ЖИТСкеҚарсыКүресКүні #АИТВныңАлдынАлу #СалауаттыӨмірСалты #Қызылорда