Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жастар денсаулық кабинеті мен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен 7 - сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектеп оқушыларының арасында ашық есік күні өткізілді. Іс - шараның басты мақсаты жастар арасында АИТВ мен ЖЖБА - дың алдын алу салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез құлық қалыптастыру. Қатысушылар арасында тренинг ойындары ойнатылып, тақырыптық парақшалар таратып, видеороликтер көрсетілді.
>
