Қармақшы ауданында Салауатты өмір салтын қалыптастыру және Жастар денсаулық орталығының психолог мамандары мен емхана медицина қызметкерлерінің қатысуымен 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында медициналық мекемеде өткізілетін іс-шаралардың жоспары талқыланды.
Кездесу барысында халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы ақпараттандыруды күшейту мәселелері қарастырылды.
Іс-шаралар аясында:
тұрғындарға жедел тест арқылы АИТВ инфекциясына тексерілу мүмкіндігі ұсынылады;
Аталған шаралардың негізгі мақсаты – халықтың АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
