Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» КМҚК-да жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілетіндігін хабарлайды.
Жария талқылау 2025 жылғы 22 мамыр күні сағат 14:00-де Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі №52А мекенжайында орналасқан «Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» КМҚК ғимаратының 2-қабатында өтеді.
Құрметті азаматтар! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыстарына белсенді қатысып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

