13 Мамыр 2021
510

#Оданартықтын#БольшеЧем#MoreThan ақпараттық науқан жарияланды

       Мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Оны Қазақстанда COVID-19 пандемиясы кезінде өткізу – бұл АИТВ және коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетудің, эпидемиямен күресте күш-жігерді біріктірудің, адамдардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттырудың, АИТВ-мен өмір сүретіндерге қолдау білдірудің тағы бір мүмкіндігі.

       СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш рет Сан-Францискода өткізілген. Қазіргі таңда бұл күнді атап өту жер шарында дәстүрге айналып отыр. Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты -  ВИЧ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген адамдарға бұл жағдайдың әрқайсысының басынан өтуі мүмкін екендігіне ойлануға, сонымен қатар осы аурудың қармағында кеткен адамдарды еске алуға, ВИЧ/СПИД ауруымен өмір сүріп жатқан достарымыз бен жақын адамдарымызға қолдау көрсетуге, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын ВИЧ/СПИД эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған.

        Ақпараттық науқанды өткізудің маңыздылығы – жастар мен жасөспірімдердің бойында АИТВ жұқтырған адамға деген аяушылық көзқарасты емес қолдау мен түсіне білу сезімін ояту және АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез-құлық стереотипін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, тек сақтанғанда ғана өздерін осы инфекциядан сақтай алатынын тағы бір естеріне салу.

         Қазіргі таңда жер бетінде 60 млн. адам ВИЧ инфекциясын жұқтырып тіркеліп отыр.

Бұл күнде ВИЧ/СПИД проблемасына байланысты теле және радиобағдарламалар, қайырымдылық концерттер мен акциялар, суретшілер көрмесі т.б көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні адамдар кеуделеріне қызыл лента тағып шығады. Қызыл лента ВИЧ пен өмір сүретін адамдарды қолдау, сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастыру, ВИЧ/СПИД ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау, ұлт пен ұлысты, жас пен жынысты таңдамайтын індеттің жақын арада емі табылады және ауруды жеңеміз деген үміт символы болып табылады.