27 Сәуiр 2021
688

«Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары ақпараттандырылды

«Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары ақпараттандырылды

Шиелі аудандық  №49 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шиелі аудандық ЖИТС орталығының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, берілу жолдары, алдын алу шаралары жайында ақпарат берді. Мектеп аяжаны  Э.Абсултанова салауатты өмір салтын ұстану арқылы қауіпті дерттің алдын алуға болатынын айтты. Оқушылар арнайы маманнан кеңес алып, ақпараттық парақшалар таратылып, іс-шара соңы сұрақ жауаппен қортындыланды.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың  Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Ж.Досаев