29 Наурыз 2021
894

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлескен іс-шаралар

2021 жылдың  26-шы наурызында Қызылорда облыстық ЖИТС орталығы мен Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен  2020 жылы пенитенциарлық мекемелерде  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, оның ішінде мекемеішілік жолмен таралудың алдын алу және 2021 жылы алға қойған мақсаттары тақырыбында бірлескен кеңес өткізілді.

Кеңеске ЗК169/1,ЗК169/4,ЗК169/5 мекемелерінің жауапты орынбасарлары мен медицина қызметкерлері және ЖИТС орталығының мамандары қатысты. Кеңес барысында ҚР-да пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ-ның індеттік ахуалы, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, облыс көлемінде осы бағытта ҚАЖД-ті мен оған қарасты мекемелерде атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланып, 2021 жылыға нақты жоспарлар мен тапсырмалар берілді. 

С.Балықбаева –эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі