29 Наурыз 2021
1001

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде өткізілген іс-шара

 

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірге жасалған жылдық жоспарға байланысты Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде  облыстық ЖИТС-ке қарсы куресу және оның алдын алу орталығының эпидемиологиялық  бөлімінің эпидемиологы мен жеке құрамы және арнайы топ арасында бетперде және әлеуметтік арақашықтық ережесі сақтала отырып іс-шара өткізілді.

Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы жалпы эпидемиологиялық  ахуалы, оның ішінде республика мен облыс аймағындағы пенитенциарлық  мекемелер бойынша АИТВ-ның тіркелу жағдайы, АИТВ-ның жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, талқыланып, қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір таласта өткізілді.

Садуакасова А., дәрігер эпидемиолог