29 Наурыз 2021
754

Шиелі жастары ақпараттандырылды

Шиелі  жастары ақпараттандырылды

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының біріккен жоспарына сәйкес, колледж студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек стол өткізілді. Іс-шара барысында Шиелі аудандық ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, берілу жолдары, алдын алу шаралары жайында ақпарат берді. Колледж аяжаны С.Абілдаева салауатты өмір салтын ұстану арқылы қауіпті дерттің алдын алуға болатынын айтты. Студенттер арнайы маманнан кеңес алып, сұрақ жауап алмасты.