19 Наурыз 2021
691

Шиелі аудандық мектеп оқушылары арасында «АИТВ инфекциясынан сақ болайық!» тақырыбында іс-шара өткізілді

А.С.Пушкин атындағы №46-ші мектеп лицейінде АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында іс-шара ұйымдастырып өткізілді.Мектеп аяжаны оқушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Сонымен қатар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екені айтылды.Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Кездесу барысында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы  Т.Досаев