23 Қазан 2020
1339

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

2020 жылдың қазан айының 19-ы күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі кентіне қарасты ірі өнеркәсіп «Волковгеология»АҚ   мекемесінде, «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында санитарлық талаптар мен ара қашықтықты сақтай отырып іс-шара өткізілді.  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.

 

 

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы                                                                              

 күрес жөніндегі облыстық орталықтың                                           

 Шиелі ауданындағы филиалының

эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев