05 Наурыз 2020
1750

АИТВ және Туберкулез

Наурыз айының 04 жұлдызында Әйтеке би кенті №234 орта мектептің оқушылары арасында "АИТВ және Туберкулез ауруы" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Жастар денсаулық орталығы маманы Алиева А туберкулез туралы лекция оқыды және ЖИТС орталығы Қазалы филиалы маманы Т.Айбасов АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпарат берді. Іс-шара соңында алған білімін тексеру мақсатында сөзжұмбақтар қойылып, түрлі сауалдарға жауап берді, оқушылар белсене араласты.

ЖИТС орталығы Қазалы
филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов