07 Тамыз 2019
2366

«АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары»

Тамыз  айының 7-де  облыстағы мектеп мейірбикелері арасында Облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева «АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

 

Семинар сабақ барысында АИТВ-ның облыстағы індеттік ахуал жөнінде , жұғу жолдары, сақтану шаралары, клиникалық белгілері, диагнстикасы, емі , сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіптік жұқтыруының алдын алу шаралары, экспресс тест әдісі бойынша   мәліметтер берілді. Апаттық жағдайларда атқарылатын іс-шаралар бойынша ақпараттармен, АИТВ-ның алдын алу шараларына байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттармен (Бұйрықтармен, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс баптарымен)танысты. Семинар сабақ соңында  сұрақтарға жауап беріліп пікір алмасу болды.

 

7 тамыз  2019ж

Дәрігер әдіскер Ж.Қыстаубаева